-A A +A

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тауар таңбаларды контрафактілі өнімдерден ажырату» тақырыбында семинар өткізілді

2017 жылдың 23 қазаныңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (Экономикалық тергеу қызметі) және шетел компаниясының құқық иегерлерінің (Procter & Gamble Kazakhstan LLP, Coca-Cola және т.б.) қатысуымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тауар таңбаларды контрафактілі өнімдерден ажырату» тақырыбында бейнемәжіліс байланысы арқылы семинар тренинг өткізілді.

Семинарға Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер, Ішкі істер департаменттерінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Аталған іс-шарада контрафактілік өнімдерді ажырату және контрафактпен күресудің тиімді жолдары талқыланды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі