-A A +A

Басшылық

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Оразхан Асхат Оразханұлы, 1975 жылы туылған, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Жауапты хатшысының 2016 жылдың 3 қарашасындағы № 173 ж бұйрығымен Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолын 1997 жылы қыркүйек айында Қарағанды облысы Сарань қалалық прокуратурасында бастаған.
1997-2003 жылдар аралығында Сарань қалалық прокуратурасының прокурор көмекшісі,  Қарағанды облыстық прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметі заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, Балхаш қаласының прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.
2003 жылғы қыркүйек айынан 2009 жылғы тамыз айы аралығында Қарағанды облысы Соттар әкімшісінің орынбасары лауазымында қызмет етті.
2009 жылғы шілде айынан бастап Қарағанды облысы әділет департаментінің бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған.
Қазақстан Республикасы әділет Министрінің 2012 жылдың 04 қаңтарындағы бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті бастығы қызметіне тағайындалған.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Жауапты хатшысының 2016 жылдың 3 қарашасындағы бұйрығы бойынша Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысы қызметіне тағайындалды.
Екі жоғары білімі бар. Жанұялы, екі бала тәрбиелеуде.
10.11.2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл»  медалімен марапатталған.
ҚР Әділет Министрінің 26.11.2012 жылғы  бұйрығымен «Әділет органдары жүйесінін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дайрабаев Даурен Жигулиұлы, 1977 жылы туылған, Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.
Жоғарғы заңгерлік білімі бар, Абай атындағы Алматы мемлекеттік ұлттық университетін үздік, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін бітірген, құқық магистрі.
Заңгер мамандығы бойынша еңбек жолын Жамбыл облыстық Әділет басқармасының сот жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші консультанты қызметінен бастаған;
11.1999 – 10.2000 ж.ж - Жамбыл облысы бойынша ҚР ӘМ сот қаулыларын орындау бойынша комитетінің Тараз қалалық аумақтық участкесінің сот орындаушысы;
05.2000 – 10.2000 - Жамбыл облысы бойынша ҚР ӘМ сот қаулыларын орындау бойынша комитетінің Шу аумақтық участкесінің аға сот орындаушысы.
10.2000 – 07. 2004 ж.ж – Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы;
07.2004 – 10.2010 ж.ж – Жамбыл облысы Әділет департаментінің Меркі аудандық Әділет басқармасының бастығы;
10.2010 - 11.2011 ж.ж – Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қалалық Әділет басқармасының бастығы;
11.2011 жылдан - қазіргі уақытқа дейін – Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.
II дәрежелері «Заңгер» төсбелгісімен және «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айнақұлов Шынғыс Жұмабайұлы, 1982  жылы туылған, Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.
Жоғарғы заңгерлік білімі бар, Д.А. Қонаев атындағы Алматы мемлекеттік университетін үздік дипломмен бітірген.
25.05.2006 -  Заңгер мамандығы бойынша еңбек жолын Алматы қалалық Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің жетекші маманы.
14.05.2007 - Алматы қалалық Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің бас маманы.
26.06.2007 - Алматы қалалық Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы.
08.01.2008 - Алматы қалалық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бастығы.
27.10.2010 - Тараз қалалық Әділет басқармасының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
29.10.2010 - Жамбыл облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы.
04.05.2011 - Шу аудандық Әділет басқармасының бастығы.
10.07.2014 - жылдан қазіргі уақытқа дейін  Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жайықбай Шалдарұлы 23 тамыз 1976 жылы дүниеге келген.
1983-1993 жылдар аралығында ОҚО, №2 Ленгер орта мектебінде білім алды.
1995-1999 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика факультетінің студенті болған.
2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жетекші мамандығына қабылданды.
2001 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Есіл аумақтық бөлімінің сот орындаушысы болып қабылданды.
2002 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Аққайың аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы лауазымына тағайындалды.
2001-2003 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан Заң академиясының сырттай бөлімін бітірді.
2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігі транспорт және коммуникация Департаментінің бас маманы – заңгер, бөлім бастығы қызметін атқарған.
2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болған.
2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің орынбасары болған.
2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау Департаментінің орынбасары болған.
2011-2012 жылдар аралығында шетелдік сыңарлас DUKE (АҚШ) Университетінің Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық саясат мектебінде білім алған, әлеуметтік ғылымдар магистры.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің №50-Л бұйрығына сәйкес Жайықбай Шалдарұлы Жамбыл облысы сот актілерін орындау Департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.
3.11.2014 жылдан - қазіргі уақытқа дейін – Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.
Жанұялы, ұл мен қыз тәрбиелеуде.