-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Тоқтаев Асхат Алиақпарұлы - Жамбыл облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы

 

Бөлімнің негізгі қызметі мен міндеттері:

  1. жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша аудандық (қалалық) Әділет басқармаларының жұмыстарын үйлестіру және әдістемелік басшылық жүргізу;
  2. жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша аудандық (қалалық) Әділет басқармаларымен жүргізілетін мемлекеттік қызметтің сапалы орындалуын бақылау;
  3. жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында аудандық (қалалық) Әділет басқармаларының атқарған жұмыстарына тексеру жүргізу;
  4. жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында аудандық (қалалық) Әділет басқармаларының іс-әрекеттеріне қатысты өтініштерін қарастыру;
  5. жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсету;
  6. біліктілікті жоғарлату мақсатында аудандық (қалалық) Әділет басқармаларының қызметкерлеріне семинар-кеңестер, оқу-семинарлар, кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру.