-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі

Баймолдаев Ерлан Орақбайұлы - Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Зияткерлік меншігін қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  2. Туындылар мен зияткерлік меншік объектілерінің, өнеркәсіптік меншік объектілерінің (өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, тауар шыққан жердің атауы), селекциялық жетістіктер, топологиялық интегралдық микросхемалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
  3. Селекциялық жетістіктер, топологиялық интегралдық микросхемалар, өнеркәсіптік меншік және зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы ақпараттық - баспалық қызметін ұйымдастыру;
  4. Туындыларды пайдалану кезінде халықаралық шарттардын орындалуын және зияткерлік меншік саласындағы нормаларды сақтау үшін, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
  5. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру;
  6. Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, азаматтардан зияткерлік меншік құқықтарын пайдалану фактілері туралы ақпаратты және ұжым негізінде мүліктік құқықтарды басқарып отырған ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты сұрау және алу;
  7. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды қорғау үшін жеке және заңды тұлғаларға тексеріс жүргізу;
  8. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы қолдану кезіндегі тәжірибені қорытындылау;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
  10. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.