-A A +A

Құқықтық түсіндіру және заң қызметін көрсету бөлімі

Сұлтанбеков Даныш Дулатұлы - Жамбыл облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заң қызметін көрсету бөлімінің басшысы

 

Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:

  1. Бөлім нотариат, адвокат, бағалау қызметі және құқықтық қызмет көрсетуді ұйымдастырады, осыған орай келесі функцияларды атқарады:
  • нотариат және адвокат қызметімен айналысуға аттестаттау ұйымдастыру;
  • жеке нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібін және нотариаттық іс жүргізу бойынша ережені қадағалауды және жасалынған нотариалдық әрекеттердің заңдылығын бақылау;
  • жеке нотариустар, адвокаттардың, бағалау қызметімен айналысатын тұлғалардың іс әрікеттеріне қатысты арыздарды қарау;
  • жеке нотариустар, адвокаттардың, бағалау қызметімен айналысатын тұлғаларға қатысты лицензияларын алу немесе тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсыныстар енгізу;
  • жеке нотариустар, адвокаттардың, бағалау қызметімен айналысатын тұлғалардың жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген заң көмегінің сапасын бақылау;
  1. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  • құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу;
  • мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және  бұқаралық ақпарат құралдарымен құқықтық түсіндіру және заң қызметін көрсету, құқықтық жалпы оқыту және құқықтық насихаттау саласында өзара қатынасты жүзеге асыру;
  • аудандық/ қалалық/ бөлімдер/ Әділет басқармаларының халыққа көрсетілген құқық түсіндіру және заң қызметін көрсету сапасын бақылау.