-A A +A

Жамбыл облыстық «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорыны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеу саласындағы қызмет болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдастарын техникалық, сәйкестендірулік сипаттамаларын айқындау болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1)ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын бастапқы және кейінгі зерттеу, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру;
2)міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру; 
3)міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету;
4)жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын салық салу объектілерін бағалау.
Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарымен айқындалған қызметтің мақсаттарына қарама-қайшылықта немесе директорының жарғылық құзырын бұзушылықта кәсіпорынмен жасалған мәміле не болмаса құрылтай құжаты тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органының не прокурордың талаптары бойынша жарамсыз деп танылуы мумкін.
Кәсіпорын жарғысынан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған директорының іс әрекеті еңбек міндеттерін бұзған болып табылады және тәртіптік шара қолдану мен материалдық жауапкершілікке тартуға әкеледі.
 
Байланыс ақпараты және мекеменің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даң., 69
Тел, факс: 8 (7262) 43-44-57
 
Басшылық туралы мәлімет:
Директор – Жолдыбеков Ержан Жолдыбекұлы,
Директордың орынбасары – Сұлтанқұлов Тастемір Сұлтанқұлұлы,
Директордың орынбасары – Мауленов Нариман Бөлдешұлы.
 
Азаматтарды қабылдау кестесі:   
Күнделікті қажеттілік бойынша, жұмыс уақытында сағат: 9.00-ден 18.30-ға дейін.
 
Кәсіпорнының сайты: cpn-zhambul@minjust.kz
 
 
Басшының өмірбаяны:
Жолдыбеков Ержан Жолдыбекұлы – 1965 жылдың 20 тамызыныда, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында қызметкерлер жанұясында дүниеге келген.
1982 жылы Д.Қонаев атындағы орта мектепті бітірген.
1985-1987 жылдары аралығында Совет армиясында әскери борышын өтеген.
1992 жылы Жамбыл қаласында ЖОО «Гидромелиоративті – құрылыс институтын» бітірген.
Білімі жоғары, қосымша экономикалық және заңгерлік білімдері бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Үйленген. Ұл және қызы бар.