-A A +A

Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалар институты

Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары Институты «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Кәсіпорын тұрған жерден тыс жерде орналасқан және оның қызметтерінің бір бөлігін, соның ішінде оның өкілдігі қызметін жүзеге асыратын филиалы болып табылады

 

Институт қызметінің мәні:

Институт қызметінің мәні, Кәсіпорын қызметінің мәні сияқты, арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады.

 

Институт қызметінің мақсаты:

Институт қызметінің мақсаты арнаулы ғылыми білімдер негізінде қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот медицинасын жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

 

Институт қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот медицинасын, зерттеулерді, оның ішінде келісім негізінде ұйымдастыру және жүргізу;
  2. сот-сараптама қызметі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысы;
  3. сот-сараптама қызметі саласындағы ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;
  4. өндірістік, ғылыми-зерттеулік және оқу-әдістемелік қызметітері бойынша есеп жүргізу;
  5. сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу;
  6. сарапшылық қорытындыларды ішкі және сыртқы рецензиялау;
  7. тиісті саланың уәкілетті органы қарастырған тәртіпте сот-сараптама қызметін жүргізетін адамдарды іріктеуге, даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, оларға сот сарапшысы біліктілігін беруге қатысу;
  8. тиісті саланың уәкілетті органы қарастырған тәртіпте сот сарапшыларын аттестаттауға қатысу;
  9. сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша ұйымдармен бірлескен семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  10. сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық және халықаралық қызмет;
  11. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулерді жүргізу;
  12. ғылыми-кадрлық әлеуетті қалыптастыру;
  13. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер түрлері.

 

Институт өзі өндірген өнімді тиісті саланың уәкілетті органы белгілеген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар бойынша сәйкес дербес өткізеді.

Мемлекеттік лицензиялауға немесе аккредиттеу жататын қызмет Институтпен тиісті лицензия немесе аккредиттеу туралы куәлік болған кезде жүзеге асырады.

 

Басшылық туралы мәлімет:

Директор – Кусканбаев Берик Жамалбекович 1958 жылдың 3 мамырында Джамбул қаласында дүниеге келді.

1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін аяқтады.

Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл көлік прокуратурасының көлік прокурорының көмекшісі қызметінен қызметінен бастаған.

Тергеуші, аға тергеуші, аса маңызды істер бойынша тергеуші, бөлім бастығы, Жамбыл облысы покуратурасының тергеу басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша ГҚК бастығы, Жамбыл облысы ІІД аудандық полиция бөлімдерінің бастығы Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Сот сараптама орталығы» Мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облысының сот сараптама институтының директоры болып жұмыс істейді.

Тел. 8 (7262) 45-33-97

Қабылдау күні: дүйсенбі 15.00 ден – 18.00 дейін

 

Жалпы сұрақтар бойынша директордың орынбасары – Абутов Кадыржан Джурабаевич

Тел. 8 (7262) 51-56-31

Қабылдау күні: сәрсенбі 15.00 ден – 18.00 дейін

жұма 15.00 ден – 18.00 дейін

 

Сот-медицина сұрақтары бойынша директордың орынбасары – Утепбергенов Еркин Ашимханович

Тел. 8 (7262) 52-12-37

Қабылдау күні: дүйсенбі 15.00 ден – 18.00 дейін

бейсенбі 15.00 ден – 18.00 дейін

 

Сот-сараптама сұрақтары бойынша директордың орынбасары – Есбаев Аман Габитович

Тел. 8 (7262) 43-46-25

Қабылдау күні: сейсенбі 15.00 ден – 18.00 дейін

бейсенбі 15.00 ден – 18.00 дейін

 

Мекеменің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 121.