-A A +A

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Арыстамбекова Жанна Ташметовна – Жамбыл облысы Әділет департаментінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Департаменттегі құжаттарды уақтылы бақылауға қоюды, орындалған құжаттарды бақылаудан алуды қамтамасыз етеді, департамент басшылығының қарарын ескере отырып, олардың орындалу мерзімін белгілейді, бақылаудағы тапсырмалардың есебін жүргізеді, департаменттегі атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, департамент құрылымдарының тапсырмаларды орындау бойынша бақылау жасауға жауапты қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді.  
  2. Келіп түскен хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресаттарға дейін жеткізуді бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі БҚҚБ) оның департаментке келіп түскен сәтінен бастап жүзеге асырады.
  3. Келіп түскен хат-хабарлардың  маңыздылығына, шұғылдығына және мәселе сипатына байланысты кеңсе бұрыштама түрінде ресімделетін тиісті тапсырмалардың жобаларын дайындайды.
  4. Мемлекеттік органдардан, аумақтық әділет органдарынан конверттерді, хат-хабарларды кеңсе ашуды қамтамасыз етеді.
  5. БҚҚБ 1-ОЛ (тұлғалардың өтініштері) салыстырмалы актісін дайындайды және оны  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне ай сайын ұсынады.