-A A +A

Кеңес алуға арналған телефон нөмірлері мен мемлекеттік қызметті алу тәртібі

Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша

 

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмдерi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      аттестаттау өткені туралы құжаттарды қараған кезде:

      құжаттар жиынтығын тиісінше ресімдемеген не толық ұсынбаған жағдайда – 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей;

      аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      комиссия аттестаттау не аттестаттамау туралы шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсету үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, алайда тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Аттестатауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттау орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жазбасша не электрондық нысанда портал арқылы хабарланады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi – Комиссия) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес аттестаттаудан өткенi туралы шешімі, Комиссиясының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшасына сәйкес аттестатталмағаны туралы шешiмi не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз тасығышта және электрондық.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi;

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден сағат 17-00-ға дейін жүзеге асырылады.

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақытысы аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішды қабылдау және нәтижесін тапсыру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;

      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;

      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электронды көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғандығы туралы мінбе "статус", сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Жеке басын куәләндыратын құжат туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтерді не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілген қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін ақпараттарды пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

      10. Мыналар аттестаттауға жіберуден бас тарту негізде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оқызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу болып табылады;

      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінуі мүмкін.

 

Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 43-19-08

 

 

Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша

 

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмдерi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      аттестаттау өткені туралы құжаттарды қараған кезде:

      құжаттар жиынтығын тиісінше ресімдемеген не толық ұсынбаған жағдайда – 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей;

      аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      комиссия аттестаттау не аттестаттамау туралы шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсету үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, алайда тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Аттестатауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттау орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жазбасша не электрондық нысанда портал арқылы хабарланады.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.

      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының (бұдан әрi – Комиссия) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес аттестаттаудан өткенi туралы шешімі, Комиссиясының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес аттестатталмағаны туралы шешiмi не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз тасығышта және электрондық.

      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi;

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден сағат 17-00-ға дейін жүзеге асырылады.

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақытысы аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішды қабылдау және нәтижесін тапсыру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;

      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;

      4) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі, түпнұсқасын бермеген жағдайда салыстыру үшін нотариалды куәландырылған нұсқасы.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;

      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электронды көшірмесі;

      4) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғандығы туралы мінбе "статус", сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Жеке басын куәләндыратын құжат туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтерді не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілген қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін ақпараттарды пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

      10. Аттестаттауға жіберуден бас тарту негіздемелері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңына белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінуі мүмкін.

 

Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 43-19-08

 

 

"Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру"

  

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

      аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      аттестаттаудан өту не өтпеу туралы комиссия шешімі шығарылған кезде – аттестаттау өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексеруге міндетті.

      Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар топтамасы толық берiлмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiне келiп түскен өтініш ұсынылған құжаттармен қоса түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады. Үмiткер құжаттарды қолма-қол ұсынған кезде, өтінішті берiлген құжаттармен қоса қарамай қайтару дереу жүргiзiледi.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері жанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу комиссиясының отырыс хаттамасы нысанында ресімделген аттестаттаудан өткендігі не өтпегендігі туралы шешімі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгішінде немесе портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудан өтуге жіберілген көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей оның өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттау өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында аттесттаудан өтуге жіберілген үміткерлердің тізімін, оны өткізу тәртібін, үміткерлерді іріктеу ұзақтығы мен мазмұнын орналастырады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдауды еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырады.

      Аттестаттауды өткізу қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

      2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

      2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

      дипломының бар екендігі туралы;

      тағылымдамадан өткендігі туралы;

      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;

      Порталға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

      2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанының электрондық көшірмесі;

      дипломының бар екендігі туралы;

      тағылымдамадан өткендігі туралы;

      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі;

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

 

Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 56-99-68

 

 

Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау

 

    4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілет қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

      Өтініштті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау атқарушылық әрекеттерді жүргізу орны бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі, өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілген cот бұйрығы;

      3) судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актiсінің негiзiнде берiлген атқару парағы (сот бұйрығы мәжбүрлеп орындатуға ұсынылған жағдайда атқару парағы берілмейді);

      4) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының тапсырылған күні мен уақыты көрсетіле отырып оның тіркелгендігі туралы қойылған белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанының растамасы болып табылады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәландыратын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Мыналар:

      1) атқарушылық құжаттың өндіріп алушының өтінішінсіз ұсынылуы не өтінішке өндіріп алушының немесе оның өкілінің қол қоймауы;

      2) атқарушылық құжаттың атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмеуі;

      3) атқарушылық құжатты орындауға ұсынылатын мерзімнің өтіп кетуі және оны соттың қалпына келтірмеуі;

      4) құжаттың атқарушылық құжат болып табылмауы не атқарушылық құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;

      5) атқарушылық құжаттың орындауға бұрын ұсынылуы және ол бойынша атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуы;

      6) дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжат болып табылатын немесе оның негізінде атқарушылық құжат берілген сот актісінің, орган (лауазымды адам) актісінің заңды күшіне енбеуі;

      7) судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісі көшірмесінің атқарушылық құжатқа қоса берілмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 56-99-69

 

 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша

 

  4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

      жылжымайтын мүлікке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша - өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);

      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорацияда өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);

      мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу бойынша – көрсетілетін қызмет алушының өтiнiші келіп түскен кезден бастап дереу орындалады (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);

      салынған және күрделілігі бірінші санатқа жататын объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі негізінде (ал мемлекеттік нормативтермен белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) жалпы көлемі 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектісіне туындаған құқықтарды алғашқы тіркеу кезінде екінші жұмыс күні беріледі.

      Жылжымайтын мүлік объектісінің күрделілігі санаттары техникалық паспортта көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда:

      сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;

      заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы;

      егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты осы органдардан түсініктемелер алу немесе қажетті ақпарат сұратып алу үшін;

      құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетілетін мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тоқтатыла тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған кезде) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкіліне хабарламаны кейіннен беру үшін тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.

      Нотариус куәландырылған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – электрондық тіркеу) құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы көрсетеді.

      Электрондық тіркеу кезінде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған кезде, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде "жылжымайтын мүлік тіркелімінің" мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) мемлекеттік қызметті көрсету автоматты түрде тоқтатыла тұрады.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушының нотариусқа жүгінген кезінен бастап, электрондық тіркеу ЖМТ МД-ның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымды төлеуден босату туралы растау келіп түскен кезден бастап түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 24.08.2017 № 1057 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жүргізілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат, не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру болып табылады.

      2) порталға электрондық тіркеу үшін жүгінген кезде құқық белгілеуші құжатты және көрсетілетін қызметті берушінің (құқық иеленушінің) уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тіркеу туралы не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша хабарлама жолдау болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берген жағдайда, тіркеу үшін алымның төленгені туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайталап берген кезде ұсына алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және қағаз түрінде.

      Электронды тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші БНАЖ-ға, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайына (бар болған жағдайда) жолдайды.

      7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексi) 457-бабына сәйкес алым төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 456-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша есептелген сома салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді, тіркеу алымы кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген;

      2) электрондық тіркеу көрсетілетін қызметін алуға электрондық сұрау салуды БНАЖ арқылы берген жағдайда, БНАЖ берген сұрау салу нөмірі туралы ақпарат негізінде порталда ЭҮТШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде үш жұмыс күні ішінде төлем жүзеге асырылады;

      3) порталда - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік алымды төлеу туралы электрондық түбіртек жолданады. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтер төлемдері тарихында сақталады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз "электрондық" кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньға қоюға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау кедергісіз қызмет көрсету арқылы операция залында жүзеге асырылады;

      2) БНАЖ арқылы, нотариустардың жұмыс кестесіне сәйкес.

      3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (жұмыс күні аяқталғаннан кейін жүгіну кезінде, жексенбі және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:

      заңды тұлға үшін уәкілеттігін растайтын құжат бойынша:

      жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша:

      Тіркеу сенімхаттың негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, сенімхаттың екі нұсқасы ұсынылады, оның ішінде біреуі төлнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болып табылады.

      Тіркеуден кейін сенімхаттың төлнұсқасы мәлімдеушіге (уәкілетті өкілге) кері қайтарылады:

      1) Мемлекеттік корпорацияда:

      жеке тұлғалар үшін:

      осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

      Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар немесе олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариалды тәртіппен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.

      көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады);

      тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. Жер учаскесіне құқықты (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер учаскесіне идентификаттау құжаты ұсынылады.

      Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтар (талаптар) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру шарты ұсынылады);

      бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат немесе алымдарды және төлеуден босататын жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат;

      заңды тұлға үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

      тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат.

      Жер учаскесіне құқықтар (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер учаскесіне идентификаттау құжаты ұсынылады.

      Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтар (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру шарты) ұсынылады;

      бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат немесе алымдарды және төлеуден босататын жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат;

      құрылтай құжаттары;

      "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер) ұсынылады;

      шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлдегi нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.

      Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлiметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады.

      Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.

      Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың төлнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай екі көшірмесі беріледі.

      Неке шарты болған кезде, мұндай шарт екі данада беріледі, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.

      Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді немесе неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.

      2) Электрондық тіркеу кезінде:

      нотариус ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады);

      нотариус куәландырған, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжаттар – электрондық нысанда нотариуспен электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;

      бюджетке тіркеу алымы сомасының төлемі немесе жекелеген жеңілдіктер санатын растайтын және алымдарды төлеуден босататын құжат:

      бөлек тұратын зейнеткерлер және мемлекеттік тіркеу кезінен үш жыл ішінде кадрларды даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері санаттары үшін – электрондық сұрау салуға электрондық нысанда қоса тігіледі;

      мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайлары (болған кезде).

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар туралы, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталған адамдар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталмаған адамдар туралы, мүгедектер туралы, сондай-ақ бала жасынан мүгедек баланың ата-анасының бірі туралы;

      жетім балалар және он сегіз жасқа толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы;

      оралмандар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйе қамтылатын мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және нотариус "электронды үкіметің" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесі бойынша тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының "Идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңдарында және Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді ұсынады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      электрондық тіркеу кезінде нотариус көрсетілетін қызметті алушыға БНАЖ берген сұрау салудың бірегей нөмірі туралы ақпаратты береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды бекру қолхат негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін:

      заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша;

      жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша жүзеге асырылады.

      Бюджетке тіркеу алымы сомасын портал арқылы төлеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң дайын құжаттарды алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жасайды. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, кейіннен Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі немесе олардың туындауы, өзгеру немесе тоқтатылу негіздерінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) егер өтініш беруші "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе;

      3) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;

      4) нысаны мен мазмұны бойынша "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың тіркеуге ұсынылуы;

      5) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтардың болуы;

      6) заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

      7) тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың жойылмауы;

      8) егер тіркеу объектісінің ауысуы, өзгеруі, тоқтатылуы немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеуі;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалға алу құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және құқық ауыртпалығы тіркеуге жүгінген кезде жүзеге асырылады;

      10) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;

      11) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      12) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқықтан айырылуы болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 43-39-30, 45-21-77

 

 

Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

  4. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын, (өкілдіктерін) қоспағанда), қажетті құжаттарын қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

      сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, үлгілік жарғы болып табылмайтын, қызметін жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

      саяси партиялардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

      2) Министрлікте:

      саяси партияларды қоспағанда, қызметін үлгілік жарғы болып табылмайтын, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді филиалдары мен өкілеттіктері есептік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

      саяси партияларды мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

      3) порталда – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін немесе тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік тіркеу мерзімі тоқтатылады.

      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

      Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) не осы стандартың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді қағаз жеткізгіште бас тарту;

      Порталға "жеке кабинетіне" жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі куәландырылған электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшасына сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем портал арқылы "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші:

      Министрлікте және аумақтық әділет органдарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.

      2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондау мүмкін болады.

      3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат арқылы өкіліне) Мемлекеттік корпорацияға және Министрлікке жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер (әрі қарай - өтініш);

      қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша ұсынылады;

      тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар үшін, мұндай құру 2015 жылдың 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 172-бабындағы тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады;

      орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тіркеу үшін өтiнiшке "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылдың 17 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiрi не жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі шетелдiк жеке немесе заңды тұлға болған жағдайларда құрылтайшы уәкілеттік берген адам қол қояды және тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе мемлекеттiк органдарға не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді;

      жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін өтінішке "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылдың 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында және "Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылдың 31 тамыздағы Республикасы Заңының 25-бабында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны тіркеуші органға береді.

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы, қатысушы) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
     
5-бөліктің 2-3-абзацтары 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 485 бұйрығымен (мәтін алып тасталды).

      орта кәсiпкерлiк субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы және банктік шотты ашуға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) осы Стандартқа 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді;

      орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) өтініш береді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі алынған күні мен уақыт көрсетіле отырып хабарлама жіберіледі;

      қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

      өтініш;

      заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе 2015 жылдың 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабы және 1994 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда сот шешiмi;

      заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;

      заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;

      қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.

      акционерлiк қоғам:

      жарғы, өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды қоспағанда;

      құрылтай жиналысының хаттамасы не жалғыз қатысушының шешімі;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      Егер заңды тұлға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын болса, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғалар "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылдың 9 шілдедегі және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.

      мемлекеттiк кәсiпорын:

      жарғы;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органының кәсiпорынды құру туралы шешiмi;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар - жергiлiктi атқарушы органының шешімімен құрылады.

      мемлекеттік мекеме:

      мемлекеттiк мекеменi құру туралы шешiм;

      ереже (жарғы);

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты, туған жылы және тұрған жерi мен ЖСН көрсетілген тiзiмдi де береді.

      сенім серiктестiгі:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      үй (пәтер) иелерiнiң кооперативi:

      кондоминиум объектiсiндегi үй-жай (пәтер) меншік иелерi құрылтай жиналысының хаттамасы немесе дауыс беру парақтары қосылған жазбаша түрдегі пікір сұрау нәтижесінің хаттамасы;

      жарғы;

      кондоминимум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттік акт не кондоминимум объектісінің мемлекеттік тіркеуін растайтын тіркеу органның мөртабаны басылған құжат;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      заңды тұлғаның тұрған жерін куәландыратын құжат;

      адвокаттар алқасы:

      адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысымен (конференциямен) бекiтiлген жарғы;

      жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      нотариалдық палата:

      құрылтай жиналысымен бекітілген жарғы;

      жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      қор:

      жарғы;

      құрылтай шарт (құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда);

      жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;

      алқалық органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органы тағайындалғаны туралы шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      қоғамдық бiрлестiк:

      құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы;

      жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) оған төрағасы және съезд (конференция, жиналыс) хатшы қол қойылған хаттамасы;

      тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастамашы-азаматтарының тiзiмi;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      тұрған жерін растайтын құжаттар;

      Саяси партияларды тiркеу кезінде қосымша ұсынылады:

      партия бағдарламасы;

      партия мүшелерiнiң тiзiмi, құрамында олардың әрқайсысында тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, ЖСН, тұрған жерiнiң мекен-жайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық мәнi бар қаладағы және астанадағы кемiнде алты жүз мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерді (филиалдар мен өкiлдiктердi) білдіретін кемінде қырық мың партия мүшесi болуға тиіс;

      заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгі, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігі, дара кәсіпкерлердің бірлестігі:

      жарғы;

      бiрлестiктiң барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты;

      заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      ауылдық тұтыну кооперативі:

      құрылтай жиналысының хаттамасы;

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      азаматтар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және ЖСН және заңды тұлғалар үшін - атауы, тұрған жері, БСН туралы мәліметтер көрсетілген пай салушылардың тізімі.

      Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерін тіркеу кезінде қосымша:

      тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері және ЖСН, сондай-ақ заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жері көрсетілген кооператив мүшелерінің тізімі, сондай-ақ кооператив мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің суын пайдаланушылардың болуы туралы мәліметтер ұсынылады.

      аудиторлар палатасы:

      жарғы;

      заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      толық серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      өндiрiстiк кооператив:

      тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі, сондай-ақ, егер өндірістік кооператив мүшесі заңды тұлға болып табылса ұйымның атауы, тұрған жері және банктік деректемелері;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      тұтыну кооперативi:

      жарғы;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      Тұтыну кооперативi азаматтар үшiн – осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, ЖСН және тұратын жерi, заңды тұлға үшiн - тұрған жерi, банк деректемелері және БСН туралы мәлiметтер көрсетілген тiзiм ұсынылады.

      дiни бiрлестiк:

      діни бірлестіктің басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;

      құрылтай жиналысының (съезд, конференция) хаттамасы;

      стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде діни бiрлестiктi құрған бастамашы-азаматтардың тiзiмi;

      діни оқудың пайда болу тарихы мен негіздерін ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      діни бiрлестiктің басшысын сайлау туралы шешім не басшысын шетел діни орталығы тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісім жасалғандығын растайтын құжат.

      Өңірлік діни бірлестігін тіркеу үшін қосымша, өңірлік діни бірлестікті құруға бастамашы болған әрбір жергілікті діни бірлестіктер мүшелерінің, тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша тізім, сондай-ақ және нотариалды түрде куәландырылған жергілікті діни бірлестіктердің жарғылары ұсынылады.

      Республикадан тыс жерде басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiк қосымша ұсынады:

      мемлекеттік және орыс тiлдерiнде нотариалды куәландырылған аудармасымен шетел орталығы жарғысының көшiрмесi;

      дiни орталық өз елiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен тiзiлiмнен көшiрме немесе басқа құжат;

      Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған рухани (дiни) оқу мекемелерiнiң, мешiттерiнiң, монастырьлардың және өзге де дiни бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi.

      Тiркеу үшiн оларды құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының шешiмi ұсынылады;

      жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк:

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      мекеме:

      мекеменi құру туралы меншiк иесiнің шешiмi;

      ереже (жарғы);

      құрылтай шарты немесе басқа да келiсiм (меншік иелері (құрылтайшылары) бiрден көп болған кезде);

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;

      бағалаушылар палатасы:

      жарғы;

      заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.

      2) филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін:

      филиалдар (өкілдіктер) үшін:

      өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) бекітіледі;

      филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

      филиал (өкілдiк) басшысына заңды тұлға органы берген сенiмхат;

      заңды тұлға жарғысының (ережесiнiң) көшiрмесi немесе өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішінің көшірмесі;

      Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдықтар үшін заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмесі және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады.

      Заңды тұлғаның басшысы филиал (өкілдiк) басшысы болған жағдайда, тіркеуші органына сенімхат табыс етілмейді;

      Мемлекеттік кәсіпорынның филиалы (өкілдiгі) құрылған кезде, филиал (өкілдiк) құру үшін Ұлттық банктен не мемлекеттік мүлікті басқару бойынша (жергілікті атқарушы органның) уәкілетті органының келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

      шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін:

      өтініш;

      заңды тұлға органы бекiткен филиал (өкiлдiк) туралы ереже;

      филиал немесе өкілдiк басшысына заңды тұлға берген сенімхат, мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен;

      филиал (өкілдік) құру үшін заңды тұлғаның шешімі мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен;

      шетелдік заңды тұлғаның сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмесі, құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжат, филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат;

      заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен көшірмесі;

      филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 485 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 45 бабында және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңының VI тарауында белгіленген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тiркеу және қайта ұйымдастыру тәртiбінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;

      2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры туралы ережелердің болмауы;

      3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылуы;

      4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, және (немесе) қайтыс болды деп жариялануы, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болуы, сондай-ақ, мерзімді төлемдерін өндіру туралы атқырушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан аса мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ тұлғаларды қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, құрылтайшы және (немесе) заңды тұлға құрған заңды тұлғаның басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылуы;

      4-1) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес енгізілген болса;

      5) жоғалған және (немесе) жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттарды ұсынуы;

      6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салу, қамаққа алу) болуы;

      7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

      8) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;

      Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

      Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден бас тарту "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 43-баптары бұзылған жағдайда, сондай-ақ, филиалды (өкілдікті) құру тәртібінде есептік тіркеуге ұсынылған құжаттарының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі кезінде жүргізіледі.

 

Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 45-22-84, 43-39-14

 

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – 2 (екі) жұмыс күні (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты:

      көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;

      Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут;

      Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 16.06.2016 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен
 

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
 

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызметті көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

       7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін көрсетіледі.

      1) тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

      2) туу туралы акт жазбасының өзгертілуіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік баж сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

      Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорацияда – еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық" кезек тәртібімен, ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша немесе баланың туған жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы тууды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);

      2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды);

      4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;

      шетелдіктер қосымша:

      6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебелеріне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін көші-қон карточкасын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын, азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында тiркелген құжатын ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

      Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш;

      2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, туу туралы медициналық куәлік туралы, егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу жайлы куәліктер туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда мыналар:

      1) ата-анасының түсініктемесі;

      2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екі айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

      4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат қоса берелді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу жайлы куәліктер туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      3) туу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;

      4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар;

      5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат;

      6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.

      Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде табыс етіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде, өтініштің қабылданғанын растайтын:

      1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі.

      3) Мемлекеттік корпорацияда сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілетін күн, уақыт және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 16.06.2016 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді -21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен
 

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

 

Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 45-20-89, 43-38-19