-A A +A

Қызметі

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттауға жiберiлген үміткерлер тізімі /аттестация 30.06.2017 жылы өткізіледі/:

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттауға жiберiлген үміткерлер тізімі /аттестация 30.06.2017 жылы өткізіледі/:

 

  1. Хасенова Жанар Айшыраковна
  2. Прмагамбетов Аскар Габитович
  3. Жолдасбек Саин
  4. Аршабаев Жамбул Кенесович
  5. Джунусов Азамат Фрунзевич
  6. Джилкибаев Ерлан Суваханович

Шу аудандында Ескі Шу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

Шу аудандында Ескі Шу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

 

2017 жылдың 23 мамырында Шу аудандық Әділет басқармасымен нотариус, адвокат және жеке сот орындаушы, Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелерінің қатысуымен Ескі Шу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шара ауыл тұрғындарына «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізу мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында 9-ға жуық адамға кеңес берілді. Іс-шара барысында сұрақтар көбінесе жер учаскесіне құқықтарды тіркеу саласы, мұраға қабылдау, жер кадастры бойынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашу, мекен жайын ауыстыруы туралы мәліметтері бойынша біршама сұрақтар қойылды. Сұрақтар барысында ауыл тұрғындарына  тиісті жауаптар берілді.

 

 

Жаңа Жол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

Жаңа Жол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

 

2017 жылдың 9 маусымында Шу аудандық Әділет басқармасымен нотариус, адвокат және жеке сот орындаушының, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Жол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Аталған шара «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізу мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында 15-ке жуық адамға кеңес берілді, сұрақтар көбінесе жер учаскесіне құқықтарды тіркеу саласы, мұраға қабылдау, жер кадастры бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашу, мекен жайын ауыстыруы туралы мәліметтері бойынша біршама сұрақтар қойылды. Сұрақтар барысында ауыл тұрғындарына тиісті жауаптар берілді.

 

Жамбыл облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Жамбыл облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

 

2017 жылдың 17 мамырында қаланың ең ірі халыққа қызмет көрсету орталығында Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қалалық Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалымен бірлесіп, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелерінің қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Азаматтарды құжаттардағы қателіктерді жою үшін азаматтық хал актілеріне түзетүлер мен толықтыруларды енгізу, Тараз қаласында тіркеуде тұрып басқа қалада бизнес объектісін ашу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру үшін кезекке тұру, тіркеуге тұру және жұмысқа кіру мәселелері қызықтырды.

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының консультанты азаматтың сұрағы бойынша тіркеуге тұру мен бірге «Жасыл Ел» жауапкерлігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналасу мәселесіне көмек көрсетті, Қырғызстан Республикасына барып қайтыс болған, бірақ зейнет ақысын Тараз қаласында алып отырған азаматшаға Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы неке және ерлі-зайыптылық заңнамаға сәйкес әжесінің өлімін тіркеу мәселесі жөнінде кеңес берді.

«Әділет кеңес береді» ақциясының ұйымдастырушыларына сұрақтармен келген азаматтар нотариус, адвокат пен сот орындаушының керекті тегін кеңестерін алды. Аталған іс-шара халықпен байланыс орнатудың негізінде мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін ғана емес азаматтардың мемлекеттік қызметтерге деген көзғарасын анықтауға мүмкіндік берді. Акция барысында азаматтар өздерінің құқығы мен мүдделері қорғалғаны үшін қанағат болды.

Тараз қалалық Әділет басқармасымен азаматтарды қабылдау өткізілді

Тараз қалалық Әділет басқармасымен азаматтарды қабылдау өткізілді

 

Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігі тұрғындарға мемлекеттік органымен көрсетілген мемлекеттік қызмет қызметалушылардың бағасымен анықталады. Көрсетіліп жүрген мемлекеттік қызметтің сапасы мен уақытылылығы  азаматтардың билік органдарына сенімділігін туындатады. Диалогты алаң, құқықтық көмек, халықпен байланыс, міне осы бүгінгі қарапайым қала азаматтарына қажетті болып табылады.

2017 жылдың 7 маусымында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалында Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелері қала азаматтарына қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтарды жұмысқа орналасу, мүгедектікке төленетін жәрдемақы, үй құрылысына алатын жер телімдерінің алу реті, мұраны рәсімдеу сұрақтары қызықтырды. Барлық сұрақтар өз нақты шешімдерін тапты, ал құқықтық ақпаратты алған азаматтар қабылдаудан риза болып қайтты.

 

Жамбыл облысында «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Жамбыл облысында «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

 

2017 жылдың 31 мамырында Тараз қалалық Әділет басқармасы «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелерінің қатысуымен №22 орта мектебінде «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі индикаторларының бірі болып табылады. Іс-шараға жиналған мектеп мұғалімдері мен оқушылары және де кішкентай өнертапқыштардың ата-аналары кездесудің тақырыбына қызығушылық танытты.

Аталған мектепте «Жас өнертапқыштар» үйірмесі жұмыс істейді, балалар бос уақытында сурет салып, физика пәні мұғалімдерімен дельтопланды құрастыру бойынша жұмыс жасайды. Мәселен, 10 сынып оқушысы өзінің өнертабыс объектісін – шағын генераторын ұсынды, ол аз мөлшердегі электроқуат шығынын пайдаланып 1 гектар жерді гидросорғы арқылы суғаруға болатынын анықтады. Бұл өнертабыс ауыл шаруашылығы үшін пайдасын әкелуі мүмкін.

Тараз қалалық Әділет басқармасының маманы авторлық құқықты қорғау туралы жалпы түсініктеме берді. Кездесуге жиналғандарға «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» бағытында 30 жадынама нұсқаулықтары таратылды.

Жамбыл облысында «Dauyr n K» ЖШС ұжымымен кездесу өткізілді

Жамбыл облысында «Dauyr n K» ЖШС ұжымымен кездесу өткізілді

 

Бүгінгі таңда ұлттық бәсекелестік тұжырымдамасы кез-келген ел дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Жаһандану процесі нәтижесінде әлемнің көптеген елдері әлемдік нарықта ұлттық бәсекелестікке үлкен назар аударуда.

2017 жылдың 26 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қалалық Әділет басқармасымен? Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелерінің қатысуымен «Dauyr n K» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елдегі бизнес ахуалының жақсаруындағы әрекеттерін сыртқы бағалау болып табылатын «Doing Businnes» рейтингін жақсарту және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу» мәселесі бойынша баяндама жасалды.

Кездесу соңында қатысушылар құқық саласы бойынша көптеген сұрақтарына жауап алғаны үшін Тараз қалалық Әділет басқармасына көрсетілген ақпараттық жаңалықтар үшін ризашылықтарын білдірді.

«Даму» бағдарламасы іс жүзінде

«Даму» бағдарламасы  іс жүзінде

 

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ЖаҺандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында кіші және орта бизнесті қолдау және дамыту үшін үлкен мән береді. Экономикалық жетістік әлемдік өзгерістер жағдайында кәсіпкерліктің дамуына байланысты.

Қазіргі уақытта екінші дәрежелі банктер кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғалармен тиімді жұмыс жүргізуде.

2017 жылдың 25 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қалалық Әділет басқармасы, Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелері «Нурбанк» акционерлік қоғамымен бірлесіп қаланың кәсіпкерлерімен құқық саласы бойынша ақпараттық кездесу өткізді.

Бизнес қоғамдастық өкілдері «Даму» қорының «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы және өңдеуші өнеркәсіп саласындағы бағдарламалармен танысты. Кәсіпкерлер банктің несие беру шарттары, кредиттік келісімдерді мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі, әкімшілік кедергісіз қосымша өндіріс нысандарын ашу мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды. Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау заңнамаларының соңғы өзгерістері туралы айтып өтті.

 

Беттер