-A A +A

Талдау ақпараты

2016 жылдың қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

2016 жылдың қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

 

Зияткерлік меншік құқықтарын тиісінше қорғау мәселелері экономикалық сипаттағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы растап отыр, оған сәйкес осы ұйымға кіруге ниет білдірген мемлекет өзінің ұлттық заңнамасын Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге (1994 жылғы
15 сәуірдегі) сәйкес келтіруге міндетті.

Қазіргі уақытта, жалпы зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның заңнамасы қалыптасқан. Республика негізгі халықаралық келісімдер мен шарттардың қатысушысы болып табылады.

Қазақстандағы зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру міндеттерінің бірі контрафактілік және зияткерлік меншікті қорғауға қарсы күресуге, алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

2016 жылы жарияланған ЖаҺандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне сәйкес Қазақстан «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» индикаторы бойынша көрсеткішін 1 бірлікке жақсартып 69 орында тұр (2011жг. – 116 орын, 2012 ж. – 92 орын, 2013 ж. – 73 орын, 2014 ж. - 74 орын, 2015 ж. – 70 орын).

Анықтама: Рейтингтің нәтижесіне сәйкес Қазақстан Әзірбайжан (71), Бразилия (73), Венгрия (85), Түркия (95), Грузия (99), Пәкістан  (109), Молдова Республикасы (114), Қырғыз Республикасы (115), Ресей Федерациясы (117), Украинадан (125) алда.

Әділет министрлігімен қатар аталған көрсеткіш бойынша жауаптылар ретінде ішкі істер және қаржы министрліктері анықталған.

2015 жылдың және 2016 жылдың  бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті жақсартуға әділет органдарының және құқық қорғау органдарының заңнаманы жетілдіру, зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтауды қамтамасыз ету аясында өткізілген іс-шаралар және кең түсіндіруге бағытталған жұмыстар ықпал етті.

Әділет органдарымен 2016 жылы зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 193 тексеру жүргізілді (2015 ж. – 189). Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 160 құқық бұзушылық анықталды. ӘҚтК 158-бабы бойынша (тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін) 157 әкімшілік іс жүргізу қозғалды (2015 ж. - 170).

Әкімшілік жауапкершілікке 153 адам тартылды (2015ж. – 161), айыппұл сомасы 14 млн. 572 мың 113 теңгені (2015 ж. – 12 млн. 450 мың 956 теңге) құрады, 14 млн. 938 мың 235 теңге (2015 ж. – 8 млн. 580 мың 404 теңге) сомасына контрафактілі өнімнің 15 мың 860 (2015 ж. – 30 мың 988) данасы тәркіленді.

Ішкі істер министрлігімен өз құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған кешенді шаралар қабылдауда.

2016 жылы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 198-бабы бойынша (авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 75 (2015 жылы – 114) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Өндірісте болған істердің ішінен: 8 (2015 ж. - 5) іс – сотқа жіберілді, 24 (2015 ж. - 13) іс – ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды (тараптардың татуласуы), 14 (2015 ж. - 19) істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілді. Құқық иеленушілердің жоқтығынан және келтірілген шығынның аздығынан 518 (2015 ж. - 610) материал бойынша есептен алына отырып, ақталатын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.

2016 жылы заңсыз айналымнан 137,7 мың (2015 жылы – 229,7 мың) бірлік контрафактілік өнім, оның ішінде 10,1 (2015 ж. - 14,6) мың аудио және 126,2 (2015 ж. - 213,6) бейне туындылары бар жинақтағыштар, 577 (2015 ж. - 840) лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етулері бар тасымалдағыштар және т.б. алынды.

Контрафактілік аудио-бейне өнімдерді дайындау бойынша 11 (2015 ж. - 10) цехтың қызметі тоқтатылды, сондай-ақ осындай өнімдерді әкелудің 9 (2015 ж. - 3) арнасы анықталды.

Ішкі істер органдарының жұмыс тиімділігін арттыру үшін республика аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жасалған қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, тираждайтын және тарататын тұлғаларды анықтауға бағытталған «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы тоқсан сайын  (2016 жылы 23-25 ақпанда, 18-20 мамырда, 2-4 тамызда және 15-17 қарашада) өткізіледі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласы
ІІД-нің қызметкерлерімен 2016 жылғы 16 қарашада «Шанхай» базарындағы сауда орталықтарының бірінен контрафактілік аудио-бейне өнімдерді дайындау және тарату бойынша цех айқындалды. Ұялы телефондарға арналған аксессуарларды сататын үй-жайда Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өскен азамат ұсталды, одан компьютерлік техника, DVD-дискілер (480 дана бос дискілер, 5 жазылған контрафактілік дискі) және
USB-тасымалдағыш алып тасталды. Сараптама тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 198-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сонымен бірге, 2016 жылғы 15 қарашада Алматы қаласы ІІД-нің қызметкерлерімен «Барлық» базарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының базарларына Қырғыз Республикасынан аудио-бейне туындылары бар контрафактілік DVD-дискілерді тасумен айналысқан азамат Б ұсталды (ұстау барысында одан 128 контрафактілік DVD-дискі алынды).

Сонымен қатар, көрсетілген бұзушылықтардың Интернет желісінде жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылы контрафактілік аудиовизуалды өнімдерді тарататын барлығы 38 (2015 ж. - 45) шетелдік Интернет-ресурс анықталды, қазақстандық пайдаланушылардың оларға қолжетімділігін әрі бұғаттауға шаралар қабылдау үшін олар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Тыйым салынған материалдар, сілтемелер және сот шешімдерінің тізіліміне енгізілді (қазақстандық пайдаланушылардың оларға қол жетімділігін әрі қарай бұғаттауға шаралар қабылдау үшін).

2016 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша кезеңде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымы саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің(бұдан әрі – ЭТҚ) өнімінде 133 сотқа дейінгі тергеп-тексеру болды, соның ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СТБТ) 111(2015 ж. – 171) іс тіркелді (198-бабы 72 (131), 222-бабы 39 (40)).

2016 жылы республика бойынша өндіріспен барлығы 98 қылмыстық іс аяқталды, 2015 жылы – 112.

Тауарлық таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша аяқталған қылмыстық істердің саны үлкейгенін атап өту қажет, егер 2015 жылы 6 іс аяқталса, 2016 жылы – 29, соның ішінде 17 іс бойынша сот үкімдері шықты.

2016 жылы «Пиала» шайы, MacCoffee» кофесі, маркасы Mobil моторлық майы, «Стэлл», «Вавилон», «Перно Рикар Казахстан», «Chivas Holdings Limited», «Martell and Co» ЖШС ресми дистрибьюторларының таңдаулы алкогольдік өнімдерді сияқты контрафактілік өнімдер дайындалған 16 цехтың қызметі тыйылды.

Мысалы, 2016 жылғы 7 қарашада Атырау облысы бойынша МКД СТБТ-не «Айал Снаб Сервис» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. «Айал Снаб Сервис» ЖШС пайда табу мақсатында Жулдыз шағын ауданы, Аюпов А. көш., 42 және Элеваторная көш., 4 мекенжайлары бойынша орналасқан жасырын цехтарды «Shell» моторлық майы (Қазақстан Республикасы боынша моторлық майдың ресми дистрибьютері «Turkuaz Mashineri» ЖШС болып табылады) түрінде контрафактілік өнімдерді дайындау бойынша жабдықтады. 2016 жылғы ақпаннан бастап қыркүйекке дейін 19 заңды тұлғаларға 169 млн.теңгеге «Shell» логотипімен контрафактілік моторлық майы сатылды.

Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына қатысты, ЭТҚ компьютерлік клубтарда лицензиясы жоқ «Counter Strike» ойнын қолдану фактісі бойынша 39 қылмыстық құқық бұзушылықтар ашылды, қазақ өлеңдерінің жазылуымен CD/DVD дискілерді дайындау және сату фактісі бойынша 19 іс анықталды.

Қыркүйекте сот үкімімен контрафактілі CD/DVD дискілерді дайындау және сату бойынша аз. С.И. Столбовских ҚР ҚК 198-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі болып танылды. Мемлекеттің пайдасына 4 компьютерлік техника айналдырылды және 780 CD/DVD дискілер жойылды. Қылмыстық істі Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті тергеді.

Құқық иеленушілерге келтірілген зиянның мөлшері 1 млрд.теңгеден аса соманы құрады, оның 500 млн.теңгеден жоғарының орны толтырылды.

Тауар таңбаларын құқық иеленушілердің келісімісіз заңсыз пайдалану бойынша анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасында тіркелген зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне тауар таңбаларын енгізу бойынша құқық иеленушілердің өтініштерінің өсуіне ықпал еткенін айта кету керек. Бұл кеден қызметтеріне Кедендік тізілімде тіркелген тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылатын контрафактілік өнімдердің әкелінуін жолын кесуге мүмкіндік береді.

2017 жылдың 1 қаңтары жағдайына Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне 448 (2015 жылы 338) 3999 тауарлардың атауы бойынша (2015 жылғы 11 ай ішінде 338) тауар белгісі (131 құқық иеленуші (2015 жылы - 96)) енгізілген.

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінің негізінде 2016 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен жалпы құны 10 554 413 АҚШ долл. (2015 жылы - 9 314 961 АҚШ долл.) зияткерлік меншік құқығының бұзылу белгілері бар 533 (2015 жылы – 421) тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылған.