-A A +A

Мақалалар

Бітімге келу-берекелі іс

Бітімге келу-берекелі  іс

 

ҚР «Медиация туралы» Заңы елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген  жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлар  екіге  бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар,  ал, екіншісі кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты  таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық  арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар.

Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуі мен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны

тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақты ңеріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.

Медиацияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргiзу кезiнде тараптар қол жеткiзген дау-шарды реттеу туралы келiсiм жәбiрленушiге келтiрiлген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбiрленушiмен татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы келiсiмдi бiлдiредi.

Соттың қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтататұруға негіз болып табылады. Еңбастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді.  Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. «Медиация туралы» Заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі. Бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадам болып табылады.

 

 

Қ.Бүрлібаев

Жамбыл аудандық Әділет басқармасы басшысының м.а.

Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі

Дереккөз: 29.04.2017 ж., №36 «Шұғыла-Радуга»

Індетпен күрес баршамызға ортақ іс

Індетпен күрес баршамызға ортақ іс

 

Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы.

Сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу.

Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылып, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз

әрі жан-жақты жоспарлы күресті басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия – Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

 

 

Мойнқұм аудандық Әділет басқармасының

басшысы Н. Құмғанбаев

Дереккөз: 11.04.2017 ж., №33 (6285) «Мойынқұм таңы»

Жеке сот орындаушылар қатары көбеюде

Жеке сот орындаушылар қатары көбеюде

 

Ел басымыздың бес институционалды реформасын іске асыру бойынша жүз нақты қадам Ұлт жоспарының 27 қадамында, "Жеке сот орындаушылардың институтын дамытып, мемлекеттік сот орындаушыларды кезең-кезеңмен қысқарту", тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік сот орындаушылардың саны быйлғы жылға 30 пайызға кеміп, 2017 жылы тағы да 30 пайызға қысқартылып әрі қарай толық тарату көзделген.

Сәйкесінше, облысымызда алимент төлемдерін өндіру қызметі үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын дамыған жеке сот орындаушылар институты бар. Осыған байланысты Сіздің алимент өндіру туралы құжатыңызды жеке сот орындаушыларға беру қажеттілігі туындап отыр. Сіздің атқару құжатыңызды жеке сот орындаушылар палатасына қосымша тіркелген арыздың үлгісі бойынша  ұсынуға болатындығын түсіндіреміз (қоса берілді).

 

 

Қордай аудандық аумақтық

бөлімінің басшысы,

аға сот орындаушы С.Б. Айтжанов

Дереккөз: 05.04.2017 ж., №26 (2576) «Қордай шамшырағы»

 

 

 

 

Ел болып күресу шарт

Ел болып күресу шарт

 

Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі – сыбайлас жемқорлық. Жемқорлықпен күрес мәселесі қазақстандық қоғам мен мемлекеттің басымдылық көрсетіп отырған міндеттерінің бірі болып отырғаны баршамызға мәлім.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының бесінші басымдығында басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін жою мақсатында Әділет органдары атқарып жатқан маңызды қызметтерінің бірі жылжымыйтын мүлікке құқықтарды, заңды және жеке тұлғаларды тіркеуімен бірге, олардың өтініштері сапалы, уақытылы қарау әрекетттері болып табылады. Айта кететін болсақ, бүгінгі күнде азаматтардың сатып-алу келісімшарттары нотариус арқылы автоматтандырылған түрде жұргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына да жүгінбей, азаматтардың сатып-алу келісімшарттары бірден Әділет органдарында автоматтандырылған түрде тіркелген сәттен азаматтарға құжатты алуға  мүмкіндік берген. Бұл автоматтандырылған түрде беріліп отырған қызметтер азаматтар үшін өте қолайлы, себебі олардың уақытын үнемдейді және мемлекеттік қызметке сенімін артады. Тиімділігі: автоматтандырылған қызметтер  әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді азайтады, шенеунік пен азаматтың қарым-қатынастары ашық түрде интернет желілері арқылы жүреді. Кәсіпті ашу үшін қолданыстағы заңнамалар бойынша әкімшілік кедергілер алынып, шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдіктері қарастырған. Кәзіргі таңда қолданыстағы заңнамалардың негізінде шағын және орта бизнесті  15 минуттың ішінде автоматтандырылған түрде Әділет органдарына хабарландыру арқылы тіркеуден өтіп ашуға болады. Мемлекеттік қызметтерді  көрсету стандарттарына сәйкес, бұл талаптар қолданыстағы заңнамалардың тиімділігін көрсетеді және кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген азаматтарға жол ашумен бірге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Әділет басқармасында әр жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ЭҚАБЖ электрондық құжаттар айналымының бірыңғай жүйесі арқылы есепке алынып, заң шеңберінде орындау мерзімі белгіленеді. Жүйеге қосымша «Бағдаршам» бағдарламасы орнатылған. Бұл бағдарлама мемлекеттік қызметтерді уақытылы, мерзімін бұзбай  сапалы орындауға мүмкіндік береді. Уақытылы және сапалы алынған қызметтер тұтынушылар тарапынан мемлекеттік органның жұмысына сенімін арттырады. Сыбайлас жемқорлықтың қатері мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттын  дамытуға жол бермейді. Осыған байланысты әр азамат, мемлекеттік қызметтегі тұлға, өз Отанына патриоттық сезімін білдіре отырып, өсіп-өніп отырған жеріне, өлкесіне отансүйгіштігін көрсете отырып,    мектепке дейінгі мекемелерде, жоғары, орта оқу орындарында, жалпы қоғамда  сыбайластық көріністеріне  жол бермеуге ықпал жасау керек.

 

 

Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы

«Қазақстан заңгерлерінің одағы»

Республикалық қоғамдық бірлестігінің

Жамбыл облыстық филиалының хатшысы

Г.Кушекова

Дереккөз: 5.04.2017 ж., №14 (1354) «Жамбыл-Тараз»

 

 

 

Борышты өтеуден қашпайқ

Борышты өтеуден қашпайқ

 

Қазақстан Републикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі» туралы Заңының 34-бабында лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулерге тоқталсақ, егер борышкерге:

  • жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
  • заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
  • мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда – сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі біткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы сот шешімдері болған жағдайда  борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді.

Сот ұсынысты ҚазаҚстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау їүшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.

Сот орындаушысының осы бапқа сәйкес жіберілген ұсынысын қараудың нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымын борышкер мен барлық лицензиарлар және рұқсаттар беруге ујәілетті өзге де мемлекеттік органдар орындауға міндетті деп көрсетілген.

Осы бабты түсіндіре отырып  алименттен берешегі бар борышкер-әкелеріміз дер кезінде сәбилеріне көмек көрсетуден қашпай шамасы келгенше көмек көрсетеді деген үміттеміз.

 

 

Жамбыл аудандық аумақтық

бөлімінің басшысы,

аға сот орындаушы И.Сатыбалдиева

Дереккөз: 01.04.2017 ж., №28 «Шұғыла-Радуга»

Жолдау мазмұнын түсіндірді

Жолдау мазмұнын түсіндірді

 

Наурыз мерекесі қарсаңында Елбасы Жолдауындағы әділет органдарына жүктелген нақты тапсырмаларды кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық Әділет департаментінің басшысы Асхат Оразхан бастап, республикалық «Қазақстан заңгерлер  одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының хатшысы Гүлнәр Күшекова қостаған топ мүшелері ауданымыздағы іргелі ұжым «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнында болып, жұмысшылармен кездесті. Айта кетсек,  кездесуге аудан әкімінің  орынбасары  Бейсенбек Әлпейсов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасынаң бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков, кәсіпорын басшысы Қайрат Терлікбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының  директоры Рысбек Қабылбеков, сондай-ақ, аудандық жер қатынастары бөлімінің, көші-қон полициясының өкілдерімен қоса жеке сот орындаушылар, қорғаушылар қатысты. Кездесу барысында  облыстық Әділет басқармасының басшысы Асхат Оразханұлы Елбасы Жолдауында межеленген басым бағыттардың барлығы ел игілігіне арналғанын жеткізсе, департамент басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов Әділет органдарының тіркеуді жүзеге  асыру саласындағы функциялары яғни,зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды ұйымдастыруға мемлекеттік саясатты қалыптастыру, заңды тұлғаларды тіркеу, атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету секілді қызмет бағыттары бойынша  мазмұнды мағұлматтар беріп өтті. Кездесу соңында жұмысшалар тарапынан сұрақтар қойылып, топ мүшелері оларға нақты мысалдармен жауап беріп отырды.

 

 

Т.Рысқұлов аудандық

Әділет басқармасының қызметкерлері

Дереккөз: 28.03.2017 ж., №24 (7298) «Құлан таңы»

Үшінші жаңғырудың маңызы зор

Үшінші жаңғырудың маңызы зор

 

Бүгінгі енгізген технологияңызды дамытып отырмасақ ертең-ақ ескіріп шығуы ықтимал.

Екінші жағынан алғанда әлемнің апшысын қуырған өзгеріс - мұнай мәселесі. Бір жағынан алып қарағанда, әлемде «қара алтын» деп жоғары бағаланатын осы шикі заттың қоры таусылардай азайып барады деген дабыл қағылуда. Алайда, азайған затқа сұраныс та күрт артып, оның құны шарықтауы керек еді. Бұлай болған жоқ. Керісінше, мұнайға бағаның құлдырауы соңғы жылдары біраз мемлекеттің үлкен мәселесіне айналып шыға келді.

Міне, осындай жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан өз «желкенін» қалай құлатпау керек? Құлатпау дегенге себеп – дағдарысқа қарсы «желкен» 2012 жылы тұрғызылған болатын. Ол - «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Стратегиясы әлемдік қиындықтарды болжапқана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін мүмкіндіктерді қарастырады. Ал мұндай мүмкіндік Елбасының бүгінгі Жолдауында айтылған Үшінші жаңғырту жөніндегі міндетая сында көрініс тауып отыр.

Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әртүрлі екеніне сенімдімін, - деп атап өтті Президент Жолдауында.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өзгерді. Бұл өзгерістер әлемдік экономикада, сол сияқты отандық экономикада байқалуда. Мысалы, тәуелсіздік жылдарыі шінде Қазақстанның долларлық мәндегі ішкі жалпы өнімі — 20 есе, орташа жалақы 17 есе өсті.

 

 

Мойынқұм аудандық Әділет басқармасының

мұрағатшысы Е.М.Тапеев

Дереккөз: 10.03.2017 ж., №24 (6276) «Мойынқұм таңы»

Дауларды соттан тыс реттеу мен бітімгершілік рәсімдерді қолдану мүмкіндіктері

Дауларды соттан тыс реттеу мен бітімгершілік рәсімдерді қолдану мүмкіндіктері

 Медиация ( лат. mediare – делдалдық ету) – жанжалдарды соттың қатысуынсыз, үшінші бейтарап жақ- медиатордың (делдал) көмегімен шешу формасы.

Медиация жанжалдарды баламалы шешудің жеңіл түрі болып табылады. Медиация рәсімі кезінде, жанжалға қатысушы жақтар медиатордың біліміне, тәжірибесіне және шеберлігіне сүйене отырып өзара тиімді шешімге келеді. Жанжалдың шешілуі толықтай жанжалдасушылардың өздерінің күш-жігерімен байланысты.

Медиация жанжалға қатысушылардың эмоционалды күшін, ақшасын және уақытын үнемдеуге көмектеседі.

  • Медиация дауға қатысушылардың эмоционалды күшін, уақытын және ақшасын үнемдеуге көмектеседі.
  • Оны жүргізу кезінде процесстің жағдайы, ұйымдастырылуы, ұзақтығы және мазмұны жеке анықталуы мүмкін. 
  • Медиация дауға (кім рас, кім кінәлі екенін анықтауға) немесе жеңіске емес,  шешімнің құрылымдық іздестірілуіне бағдарланады.
  • Уақытша шығындарға байланысты медиация қатысушылардың қалауына қарай құрылады және даудың эмоционалды және жеке аспектілерін ескере ала алады.
  • Сонымен бірге, қатысушылардың жеке қызығушылықтарының ортасы толықтай қорғаулы, себебі медиация процесі- жасырын процес болып табылады.
  • Медиация дау қатысушыларына болашаққа қарауға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін қолдануға мүмкіндік береді.
  • Медиация арқылы дауды шешу кезіндегі жеткен келісімдер берік болады.

Медиация дау-жанжалдармен бірге бұрыннан бері өмір сүріп келе жатыр. Тарихшылар бұрынғы кезде медиацияның тек халықаралық, этникааралық және тек көпжақты жанжалдарды шешу үшін қолданғанын жақсы біледі. Бұл әрқалай аталған: «делдалдылық», «өтініш», «игі қызметтер ұсыну». Жанжалдарды шешудің мұндай әдістері тек келіссөздер тығырыққа тірелген кезде, және жетістікке жету үшін таласушы жақтарды бір-бірінің көзқарасын түсініп, қабылдату үшін жиі қолданылатын.  Дау туған жағдайды оны шешу тәсілі ретінде ережелер мен иерархиялық тәртіпті қолдануға қарағанда, келіссөзге келіп, ортақ шешімге бірлесіп жеткен қайда ыңғайлы әрі ұтымды екенін адамдар ежелгі заманнан-ақ білген.

Қазіргі кезде медиация Еуропа, АҚШ және Австралия мемлекеттерінде белсенді қолданылады.

Қолдану салалары:

  • Коммерциялық даулар
  • Халықаралық және корпоративішілік даулар
  • Банктік және сақтандыру салаларындағы даулар
  • Жобалардың болуы, оның жүзеге асуы көптеген жақтарды қозғайды
  • Жұмыстағы даулар
  • Отбасылық даулар
  • Авторлық құқықпен және жеке меншікпен байланысты даулар
  • Білім берудегі медиация
  • Мәдениет арасындағы даулар және т.б.

Қай кезде медиация болуы мүмкін:

  • Ең бастысы- бұрынғымен байланысты құқықтық наразылық емес, жанжал бойынша серіктестердің болашақ қызығушылықтары мен келешекте (ажырасудан кейін, бизнесте және т.б.) жақсы қарым-қатынасты сақтау мүмкіндігі болып табылады;
  • Сөз ұзақ әрі маңызды қатынастар туралы болып отыр (мысалы, ажырасудың салдарынан балалардың мүдделері қозғалса, немесе ұзақ іскери қатынастар болса);
  • Жағдайға жеке қатынастар мен жанжалдың эмоционалды жақтары ықпалын тигізеді (мысалы, акционерлердің арасындағы келіспеушілік);
  • Екі жақ толықтай құпиялылықты сақтағанды жөн көреді, ал сот процесі, әдеттегідей, жариялайды;
  • Бәрін қамтитын негізгі шешімдер шығару қажет, ал құқықтық жанжал тек мәселенің бөлігін ғана қамтиды;
  • Екі жақтыңда мүддесі қамтылып шешіле қоймайтын күрделі істерде бар «иә/жоқ» деген бинарлы конструкт пен шешілетін (немесе қанағаттандырусыз шешіледі)

Медиация рәсімінің Сот талқылауынан айырмашылығы: 

Сот

Медиация

Процес екі жақтың бірінің еркіне қарамастан бастала алады

Медиация рәсімі еркінділікті түсіндіреді

Сот тағайындалады

Медиатор таңдалады

Шешім қатал түрде заңға сәйкес қабылданады

Шешім екі жақтың мүддесін ескере отырып, бірақ заң шегінде қабылданады

Сот билік өкілеттілігіне ие

Медиаторда билік өкілеттілігі жоқ, тек шешім қабылдауға мүмкіндік береді

Ұзақ және нысандандырылған рәсім

Тез және нысандандырылмаған рәсім

Процестің жариялылығы

Жасырындылық

Екі жақтың жарысы

Екі жақтың ынтымақтастығы

Медиацияның артықшылығы

  • Медиация дауға қатысушылардың эмоционалды күшін, уақытын және ақшасын үнемдеуге көмектеседі.
  • Оны жүргізу кезінде процесстің жағдайы, ұйымдастырылуы, ұзақтығы және мазмұны жеке анықталуы мүмкін. 
  • Медиация дауға (кім рас, кім кінәлі екенін анықтауға) немесе жеңіске емес,  шешімнің құрылымдық іздестірілуіне бағдарланады.
  • Уақытша шығындарға байланысты медиация қатысушылардың қалауына қарай құрылады және даудың эмоционалды және жеке аспектілерін ескере ала алады.
  • Сонымен бірге, қатысушылардың жеке қызығушылықтарының ортасы толықтай қорғаулы, себебі медиация процесі- жасырын процес болып табылады.
  • Медиация дау қатысушыларына болашаққа қарауға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін қолдануға мүмкіндік береді.
  • Медиация арқылы дауды шешу кезіндегі жеткен келісімдер берік болады

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

Үшінші жаңғыру – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің жаңа моделі

Үшінші жаңғыру – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің жаңа моделі

 

Баршамызға мәлім ағымдағы жылдың 25 қаңтарындағы Елбасының Үндеуінде айтылған мәселелерде барлығымызды ойландырмай қоймады. Ондағы маңызды мәселелердің бірі ел Конституциясына өзгерістер енгізудің керектігі. Яғни біршама Президент өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беружағдайы қарастырылып жатыр.

Еліміз Тәуелсіздік алған тұста, елді басқарудың тиімді жолдарын іздеп, тез арада ел дамуының ілгерілеуіне жол ашатын нысандарын іздеген болатынбыз. Сол арада дамыған мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, көре келе Президенттік басқарудың ел дамуында ерекше маңызы бар екеніне көз жеткіздік. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Президенттік басқарудың арқасында аяғымызға тұрып, елдің болашағын жарқын етуге Елбасымыздың күш-жігерінің, көрегендігімен қол жеткізіп отырмыз.

Жолдауға қайта оралатын болсақ, Елбасымыз айтқандай, заман бір орнында тұрмай қарқынды дамып келеді. Осыған біз дайын болып, оның барлық сын-қатерлеріне жауап бере алатындай жағдай жасауымыз қажет. Елбасымызбен бүгінгі күні жолдауында көрсетілген мақсаттарға жету үшін Үкіметке үлкен жүк артылып отыр. Жолдауда ел экономикасының дамуына жағдай жасайтын заңнамаларымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жаңадан министрліктер, ұлттық компаниялар құру туралы тапсырмалары нақты көрсетілген. Елбасымыз бұл жолдауда кәсіпкерлікті дамытуға үлкен жағдай жасап отыр. Неге десек, ел дамуының басты құралы кәсіпкерлік болып табылатыны дамыған мемлекеттерден көріп отырмыз. Елбасымыз, дамыған әлем елдерін аралап экономикаларының дамуына жағдай жасаған құралдарымен танысқан болатын. Елбасымыз, өз елін кәсіпкерлікке ден қоя отырып, бәсекеге қабілетті бола білу арқылы экономикасы алпауыт мемлекеттермен иық тірестіретіндей жағдайға көтеретініне көз жеткізді.

Ұлт басшысының жолдауындағы Әділет органдарына қатысты айтылған бесінші басымдық, яғни институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты болып отыр.

Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді тапсырды. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңыздылығын айтып өтіп, Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу қажеттігін айтты. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керектігіне тоқталды.

Жолдаудағы маңызды жағдайлармен танысып, тапсырмалардың орындалуына әрбір азамат өз үлесін қосса, бәсекеге қабілеттілігіміздің артары анық.

 

 

Асхат Оразхан

Жамбыл облысы Әділет

департаментінің басшысы,

«Қазақстан заңгерлер Одағы»

РҚБ-нің Жамбыл облыстық

филиалының төрағасы

Дереккөз: 20.02.2017 ж., №5-6 (33-34) «Ауыл аймақ»

Беттер